Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында «AltynEx Company» АҚ кенішінде қызметкерлердің өндірістегі қауіпсіздік мәселелері бойынша білім деңгейін, жауапкершілігін және белсенділігін арттыруға бағытталған викторина форматындағы командалық байқау өтті.
Байқау бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды.Барлық кезеңдер қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегіше анықталды:
1 орын — Жөндеу-құрылыс учаскесі (ЖҚУ)
2 орын — Сынақ-талдау зертханасы (СТЗ)
3 орын — Техникалық бақылау бөлімі (ТББ)
Жерасты тау-кен учаскесінің (ЖТУ) командасы креативті тәсіл көрсетіп, байқауға белсенді қатысқаны үшін импровизация дипломымен марапатталды.
Бұл шара командалық рухты нығайтуға, еңбекті қорғау бойынша білім деңгейін арттыруға және жұмыс орнында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға өз ықпалын тигізді.