Пресс-центр

Компаниядан сыйлықтар

KZ
Халықаралық балаларды қорғау күнінде «AltynEx Company» қызметкерлері Алтынды кентіндегі 190 балаға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Компания балабақшаның 48 тәрбиеленушісіне және Алтынды орта мектебінің 142 оқушысына сыйлықтар табыстады. Жаңбырға қарамастан мереке өте көңілді өтіп, балалардың әрбірі қамқорлық пен ыстық ықыласқа бөленді.

Сондай-ақ, мерекеге орай, біз балабақшаға жасанды көгал жабыны мен декоративті гүлдерді сыйға тарттық. Бұл сәбилерге арналған ойын аумағын бұрынғыдан да жайлы әрі көрікті етуге мүмкіндік береді.

«AltynEx Company» АҚ барлық балаларға қуаныш пен шаттық және ең асқақ армандарының орындалуын тілейді!