Ақтөбе облысының аумағында өңір халқының әл-ауқатын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдарда жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құс басын көбейтуге, шағын бизнесті дамытуға көмектесуге және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама облыс басшылығының ерекше бақылауында. «Жоба ауыл шаруашылығын дамытуға және ауылдың, оның тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Оны одан әрі іске асыру мақсатында және әрбір аудан, әрбір елді мекен бойынша кешенді әлеуметтік-экономикалық жоспар әзірлеуді тапсырдым ", - деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қараша айында өңірдегі «Ауыл аманаты» бағдарламасының басталуына арналған форумда.
«AltynEx Company» АҚ-нан бөлінген қаражат жобаның негізгі мақсаттарына – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдауға және ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тартуға ықпал ететін болады.