"AltynEx Company" АҚ әлеуметтік бағдарланған компания ретінде өңірдің дамуына жәрдемдеседі. Ақтөбе облысы әкімдігінің өтінішін қолдай отырып, «AltynEx Company» АҚ ағымдағы жылдың қараша айында «Парыз» Ақтөбе қоғамдық қорымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін 100 млн теңге беру туралы шартқа қол қойды.
Ақтөбе облысының аумағында өңір халқының әл-ауқатын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдарда жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құс басын көбейтуге, шағын бизнесті дамытуға көмектесуге және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама облыс басшылығының ерекше бақылауында. «Жоба ауыл шаруашылығын дамытуға және ауылдың, оның тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Оны одан әрі іске асыру мақсатында және әрбір аудан, әрбір елді мекен бойынша кешенді әлеуметтік-экономикалық жоспар әзірлеуді тапсырдым ", - деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қараша айында өңірдегі «Ауыл аманаты» бағдарламасының басталуына арналған форумда. «AltynEx Company» АҚ-нан бөлінген қаражат жобаның негізгі мақсаттарына – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдауға және ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тартуға ықпал ететін болады.