Пресс-центр

Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы

KZ
«AltynEx Company» АҚ қуаттылығы жылына 5 млн тонна кенді құрайтын «AltynEx» тау-металлургиялық кешенінің құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру аясында алтын алу фабрикасын (ААФ) және Қалдық қоймасын салу үшін жобалық жұмыстарды аяқтады.

Мемлекеттік сараптама аясында 30.04.2024 жылы «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы «Юбилейное» кен орнында қажетті инфрақұрылым жасақтай отырып, қуаттылығы жылына 5 млн тонна кенді құрайтын «AltynEx» тау-металлургиялық комбинатының» алтын алу фабрикасын салу» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша № 04-0130/24 оң қорытындысын алды.