Наурыз – «AltynEx Company» АҚ кенішінің жұмысшылары және Алтынды тұрғындары үшін ең сүйікті мерекелердің бірі. Ұзақ қыстан кейін біз бәріміз көктем мерекесін ойындар, концерттер және жылы тілектермен қарсы алу үшін бас қостық. Футбол алаңында киіз үй орнатылып, қонақтарға Наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Салтанатты шарада басшылық атынан Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелді мен Қайыңды ауылдық округінің әкімі Көлбаев Жандос құттықтау сөз сөйледі. Ал арқан тарту, қол күрес, асық ату, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар Наурыз мейрамының сәнін кіргізді. Мереке кеніш жұмысшыларына, Алтынды кентінің тұрғындарына бағалы сыйлықтар таратумен және қонақтарға алғыс айтумен аяқталды. Бұл кешті тұрғындар мен жұмысшылар ұзақ уақыт ұмытпасы анық.