Пресс-центр

Еңбектен – зейнетке!

KZ
Тамызда кеніш ұжымы кәсіпорынның қадірлі қызметкерлерін зейнет демалысына шығарып салды. Ұжым мүшелері Жерасты тау учаскесінің өздігінен жүретін жерасты машиналарының жүргізушісі Біржан Жамалұлы Ережепов пен Бас энергетик бөлімі сорғы қондырғысының машинисі Сапарәлі Айдарханұлы Ысқақовты құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

Ұзақ жылғы еңбек барысында бұл мамандардың кәсіби тәжірибесі толысып, ақылшы ардагерлерге айналды. Екеуі де 2015 жылғы қазаннан бері «AltynEx Company» АҚ дамуына үлкен үлес қосты.

Ұжымдық шығарып салу рәсіміне Бас инженердің м.а. С.С. Ишниязов, ҚББ маманы А.А. Булышева, ӘШБ басшысының орынбасары М.Б. Гадельшина, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері мен кеніш жұмысшылары қатысты.