Пресс-центр

Эколог күні құтты болсын

KZ
Бүгін – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні және Эколог күні. Бұл – барлық эколог, табиғат қорғаушылары мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандарға ортақ кәсіби мереке. Бұл күн Қазақстанда ресми түрде 2011 жылы бекітілді. Өйткені, су ресурстары, климаттық тәуекелдер, ауаның ластануы бойынша мәселелер елімізде жылдан жылға ушығып барады. Экологтардың барлық мінберлерден қоршаған ортаны қорғау бойынша үндеу тастап жатқаны әбден орынды.

Қымбатты «AltynEx Company» экологтары! Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер кеніштегі экологиялық жағдайды сақтау және жақсарту, табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін шешуге үлкен үлес қосып келесіздер! Сіздерге қызметте сәттілік, күш-қуат және жаңа жетістіктер тілейміз!