«AltynEx Company» АҚ өкілдері Қандыағашта Жұмысшы мамандықтар жылына арналған аудандық жастар форум-фестиваліне қатысты. Шара колледж студенттері, өнеркәсіптік кәсіпорын мамандары және кәсіпкерлердің басын бір алаңда қосты. Форумда Ақтөбе, Қандыағаш және Ембінің техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Шара асында Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов үздік жұмысшы мамандық өкілдерін марапаттады. Біздің әріптестеріміз: Жерасты тау учаскесінің габариті үлкен заттарды бұзу жөніндегі қондырғы машинисі Берік Қуандықұлы Айдынов, Жерасты тау учаскесінің/(қондырғы трокетінің) тіреушісі Мерболат Арыстанғалиұлы Бөкенбаев, Сынақ-талдау зертханасының талдаудың пробирлі әдісінің зертханашысы Айгүл Нұрлыбайқызы Жанғазина Құрмет грамоталарына ие болды.