Пресс-центр

Ұлыстың Ұлы күні

KZ
Кеніште Наурыз мейрамы шын мәнінде жан жадыратып, жоғары деңгейде өтті! Ембідегі Мәдениет үйінің жұмысшылары мен біздің талантты әріптесіміз Мейрамбек Ниязов бірігіп, жұмысшыларға көтеріңкі әрі мерекелік көңіл-күй сыйлай білді. Бұл күні ән де, би де, күлкі де, қуаныш та молынан болды. Киіз үйде қонақтарға арналған дастархан жайылып, оған дәстүрлі тағамдар мен мейрамның басты асы – Наурыз көже қойылды. Сондай-ақ, жұмысшылар арқан тарту, қол күрес, қой көтеру, кіртасын көтеру сынды ұлттық ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Дәстүрге сәйкес, қызметкерлер біздің әріптесіміз Серік Әбдімұратовтың кішкентай қызының жаңа өмірге қадам басуына тілек тілеп, тұсаукесер рәсімін өткізді. Бүлдіршіннің қадамы оң, өмірі жеңіл болсын! Бұл кеш Мейрамбек Ниязовтың AltynEx Company компаниясына арнаған өлеңімен де есте қалады. Мереке соңында қызметкерлер асханада бір дастархан басында, жылылық пен қуаныш құшағында мерекелік кешкі аста бас қосты!