Пресс-центр

Біз Таза Қазақстан үшін!

KZ
Алтынды ауылының аумағындағы көктемгі экологиялық сенбілік «AltynEx Company» АҚ жұмысшыларының басын қосатын игі дәстүрге айналып үлгерді. Биыл ол Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 20 сәуірде өтті.

Акция қатысушылары жайлы да ашық ауа райында көтеріңкі көңіл-күймен еңбек етті. Олар Алтынды ауылының аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бар болғаны бірнеше сағатта 51 қап қоқыс жиналып, сұрыпталды. Сенбілік аяқталған соң жиналған қоқыстың бәрі арнайы транспорттың көмегімен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылды.