Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы «Юбилейное» кен орнында қуаттылығы жылына 5 млн тонна кен өндіретін «AltynEx» тау-кен металлургия комбинатының» алтын өндіру фабрикасын Сыртқы сумен жабдықтау» объектісі бойынша «Жұмыс жобасы» сатысының ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Жобалық құжаттама жобаларды мекемеден тыс мемлекеттік сараптамасына қарауға жіберілді. Бір ай бұрын Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті «AltynEX» тау-кен металлургия комбинатының» алтын өндіру фабрикасын «Сыртқы сумен жабдықтаудың ықтимал әсерлері туралы есеп» қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша оң қорытынды берді.