Пресс-центр

Ақтөбе облысының дамуына үлес

KZ
Әлеуметтік жауапкершілікке ие компания ретінде «AltynEx Company» АҚ мемлекеттік органдармен серіктесе отырып, біздің өңірдің дамуына үлес қосып келеді. Биыл компания Ақтөбе облысының аумағында селге қарсы жұмыстар жүргізу бойынша Ақтөбе облысы әкімдігіне көмек көрсету мақсатында Әріптестік туралы меморандум жасасты.

«AltynEx Company» АҚ облыс әкімдігі жазбаша өтінішпен хабарласқан жағдайда су айдындарында бұрғылап жару арқылы мұз кептелістерін жою бойынша тегін көмек көрсетеді.