Пресс-центр

Сапалы бақылауға арналған оқу шарасы

KZ
Биылғы қазанда «AltynEx Company» АҚ Аялдау базасының кеңсесінде «Байыту өнімінің бақылаушысы» мамандығы бойынша ТББ жұмысшыларын оқыту шарасы өтті. ТББ-нің өнім ұсақтаушы және бақылаушылары қатарынан 17 жұмысшыға қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсын «Тау ісі» ЖШС лектор-оқытушысы Амағос Мұхамбетқазиев жүргізді.

Оқу барысында жұмысшылар шикізат, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді өндіру, сақтау және тиеу, сондай-ақ байыту фабрикаларында байыту ісі бойынша бекітілген технологиялардың орындалуын бақылау туралы теориялық білімді игерді.

«Курс барысында тек қана бақылау мәселелері ғана емес, қауіпсіз еңбек талаптарын орындау қажеттілігіне де ерекше назар аудардық», – деп атап өтті оқытушы.

Курс соңында қызметкерлердің бәрі тиісті Біліктілік куәлігін алды.