Биылғы маусымда «AltynEx Company» АҚ Бағалы металл өндірушілердің Республикалық Қауымдастығына (Dragmet) мүше болды. Сәйкестік сертификаты Астанада өткен ҚР Алтын өнеркәсібінің V Форумында кеніш директоры И.В. Гостевихке табысталды. Dragmet Қауымдастығын 2019 жылы саланың жетекші кәсіпорындары құрған, оған 33 компания енген. Қауымдастық мүшелері Қазақстандағы алтын өндірісінің 90%-ға жуығын қамтамасыз етеді. Dragmet Қауымдастығын құрудың басты мақсаты – кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін дамытуға, жоғары қосылған құнға ие өнім өндіретін саланың экспорттық өсімін қамтамасыз етуге көмектесу болып табылады. Dragmet, сондай-ақ, қазақстандық бағалы металл өндірушілердің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік өкілдік және атқарушы органдарда, халықаралық сауда құрылымдарында қорғайды және қолдайды. Сонымен қатар, ғылым мен өндірістің өзара қызметін дамытып, ғылым жаңалықтарды, инновацияларды өндіріске енгізуге өз үлесін қосады.