ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
"AltynEx Company" АҚ-ның өндірістік қызметі Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасымен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік‐әдістемелік құжаттармен регламенттелген және кәсіпорынды орналастыру ауданының қоршаған орта сапасына елеулі әсер етпейді.
Кәсіпорында қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын персоналдың біліктілігі біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Қоршаған ортаны қорғауға жауапты бөлімшелерде барлық жобалау құжаттары, бақылаушы органдар жүргізген инспекциялық тексерулер актілері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құжаттама, оның ішінде атмосфералық ауаға, суға эмиссиялардың бекітілген нормативтері, қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері бар.
Жыл сайын тиісті аккредитациялары бар мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, Компания Ақтөбе облысы экология департаментіне өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері туралы есепті дайындаумен, қалыптастырумен және уақтылы ұсынумен қоршаған орта компоненттеріне әсер ету мониторингін жүзеге асырады. Компания экологиялық төлемдерді үнемі және уақтылы жүзеге асырады.